Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

Президенттің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі ТҒӨО-ға келді

Бүгін Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария келді.

Ол донорлық қозғалысқа қолдау көрсетіп, қан тапсырды және әр азаматтың адам өмірін сақтап қалудағы маңыздылығын өз ісімен дәлелдеді.

Күнсұлу Закарья – биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғалым, ҚР Президенті жанындағы Ғылым Академиясының президенті. Сапар аясында ол Орталықтың қызметімен танысты, тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасын аралады және мамандардың жұмыс нәтижелеріне үлкен қызығушылық танытты.

Кездесу барысында Қазақстандағы трансфузиология, ғылым мен білімді дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Күнсұлу Закария отандық ғылымдағы жаңа бағыттар мен басымдықтар туралы айтып, қан тапсыру процесін ұйымдастыру тәсіліне «прогрессивті, ыңғайлы және жайлы» деген баға берді.

Президент кеңесшісі қан қызметі мен жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды ілгерілетуде барынша жәрдемдесетінін және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Жаңалықтар