Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2005 жылғы мамырдан бастап Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ассамблеясы 58-сессиясының шешімі бойынша 14 маусымда Дүниежүзілік донор күнін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Бұл мереке ұлттық тиесілікке тәуелденбей, барлық елдердегі донорларыды біріктіреді, өйткені жанашаршылық, қайырымдылық пен мұқтаждарға қол ұшын созуда дене терісінің түсі де, нәсілі де жоқ және ол жұмылдырудың адами факторы болып табылады. Биылғы жылы осы ерекше кампанияның 10 жылдық мерейтойы қарсанында тоғызыншы іс-шарасы аталып өтеді. Осы жылғы акция әлем бойынша «Өмір бетерін адамдар үшін қан тапсырыңыз» деген ұранмен өтеді. «Аналарымыздың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіз қан» капмания тақырыбы болып табылады.
ДСҰ статистикалық мәліметтері бойынша жыл сайын шамамен 800 әйел жүктілік пен босану салдарынан болған асқынудан көз жұмады. Босану уақытындағы және босанудан кейінгі күрделі қан кету аналар өлімінің, аурудың және ұзақ мүгедектіктің негізгі себептері болып табылады. Сондықтан барлық әлемдегі донорлық қозғалысы аналықты қан және оның компоненттерінің жеткілікті қорына қол жеткізу мен трансфузиялық терапияны тиімді және қауіпсіз жүргізу үшін қолдауға бағытталатын болады.
Астанада Дүниежүзілік донор күні қарсанындағы ерікті өтеусіз донорлықты қолдау акциясы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өтті.
Акция барысында донорлар мен донорлыққа белсенді қатысқан ұйым басшыларына дәстүрлі құттықтау сөздері айтылды, қан донорлығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді. Донорлар үшін арнайы жас-өспірім еріктілердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.