Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүгін Астана қ. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы ҚР Үкіметі Аппаратының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің кадр жұмысы басқармасы қызметкерлерінің қолдауымен донорлық акция ұйымдастырды, оған 40-қа жуық адам қатысты, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер акцияға қатыса алды. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлері мұндай акцияға қатысу өте маңызды іс екенін атап өтті. Донорлықтың маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені жыл сайын мыңдаған адамдар донорлық қан мен оның компоненттерін құюға мұқтаж. Алмастырылмайтын нәрсемен – қаныңызбен бөлісе отырып, сіз ересектер мен балаларға олардың сауығу мүмкіндігін және одан әрі бақытты болашағын арттыру арқылы көмектесесіз!
Донорларға, өмірді құтқаруға қатысқандары үшін алғыс айтамыз!