Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Сбербанк» АҚ қызметкерлері қан доноры болды.

Еріктілер жылы аясында «Сбербанк» АҚ қызметкерлері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп донорлық акция өткізді.
Акция күшейтілген эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаумен өтті.
Акцияға қатысқан қызметкерлердің арасында алғаш рет қан тапсырғандар да болды, бұл олар үшін де құрметті іске айналды.

ТҒӨО ұжымы қан тапсыруға шешім қабылдап және сол арқылы өмірді құтқаруға өз үлестерін қосқан акцияның барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.
Соңында қызметкерлер донорлық қанға мұқтаж жандарға әрдайым көмекке келуге дайын екендіктеріне сендірді және осындай акцияларға қатысу «Сбербанк»АҚ бүкіл ұжымы үшін жақсы дәстүрге айналады деп сендірді.