Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО қызметкерлері «Қан орталығының» акциясын қолдап, қан тапсырып донор болды

25 реаниматолг дәрігер, операция жасайтын хирургтер, мейіргерлер мен басқа да қызметкерлер қайырымды іс жасады. Ең бастысы, қазір қаланың көптеген ауруханалары мұқтаж болып отырған, сирек кездесетін – теріс резус-факторлы бірінші қан тобын жинау мүмкін болды,
Бақытжан Сманов, Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО дәрігер-реаниматологі:

«Мен жан сақтау бөлімінде жатқан науқасқа қан тапсырдым, өйткені онда операциядан кейінгі анемия. Мен сегіз жыл бойы қан тапсырып келемін. Жылына екі-үш рет. Бұл проблема емес. Науқас үшін қан тапсыру – дәрігердің міндеті сияқты. Мен пациенттерге көмектескенімді сезінемін. Қан тапсырған адам, белгілі бір дәрежеде, өз қанын жаңартады. Менің ойымша, бұл жерде екіжақты әсер бар. Қазір «Қан орталығына» үлкен жүктеме түсіп отыр, донорлар жетіспейді, карантиндік кезең, қан тапсыратын адамдар аз. Ал, науқастар саны азаяр емес. Оларға қан керек».

https://www.instagram.com/p/CLdcmWjJ_ag/