Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Спортшыл Наурыз»

Наурыз- әлемнің барлық адамдарымен, табиғат бірлігінің мерекесі, үндестік, жарық пен ізгілік мейрамы!  Наурыз – 5 мың жыл бойы әлемнің түркі тектес халықтарының арасында  тойланатын басты мереке. Оны көктем мейрамы деп атайды, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың бастауы.

Наурыз мерекесі  22 наурыз  күні көктемнің күн мен түнінің теңелген күні тойланады.  Бұл күн табиғаттың жандануы, оның ұйқыдан оянуы.

Жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойын солай өткізесің- деген қағида бар.  Ал, Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығының үлкен ұжымы шығыс күнтізбесінің  жаңа жылын  әйелдер мен ерлер командаларының  түрлі  спорттық ойындарға  қатысуымен, әйелдер арасында ұлттық ою өрнек үлгілерін жасау және  ең аз уақытта наурыз көжеге қосылатын жармаларды тазалау сайыстарымен атап өтті.

Наурыз мерекесі әрқашан жаппай қуанышпен, соның ішінде спорттық жарыстармен қоса жүреді. Іс-шараның  ашылу   сәтінде директордың бірінші орынбасары   Сания  Абдрахманова   сайысқа қатысатындарды      мерекемен  құттықтап, сәттілік тіледі.

  • Биылғы Наурыз мереке бағдарламасы  біршама өзгертілді, яғни  оған спорттық  ойындардың бір неше түрлері  енді.  Негізінде  ол  салауатты өмір салтын насихаттауға  бағытталған   бағдарлама,-  деп  Орталықтың бастапқы кәсіподақ  ұйымының басшысы  Дәмелі  Сұлубекова  атап  өтті.

Мерекелік   дастарханнның   негізгі  асы  “наурыз коже” де   ұмыт қалған жоқ.    Ойын  мен спорт  сайыс  нәтижиелер  іс-шара  аяқталысымен    жарияланып,  жеңімпаздармен қатар  барлық   қатысушылар да  алғыс хат   пен бағалы сыйлықтармен   марапатталды.