Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Астана медицина университеті Қазақстанның жастарын «Қан тапсыр да – мейірімділік таныт!» атты эстафетасына қатысуға шақырады!

2018 жылғы 26-27 сәуірде Астана медицина университетіндегі Студенттік кеңесінің белсенділері  ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК бірге «Жастар арасындағы донорлық» атты жобасының аясында Қазақстанның жастарын «Қан тапсыр да – мейірімділік таныт» эстафетасына қатысуға шақырады.

Акцияның мақсаты – ерікті өтеусіз қан донорлығын дәріптеу және адамның өмірін сақтап ұқалу үшін тұрақты донорлардың санын көбейту.

Қайырымдылық іс-шараның өткізудің бастамашысы Астана медицина университетіндегі Студенттік кеңесінің белсенділері болып табылады.

Акцияны  «Жасыл ел» ЖЕО Республикалық штабы және Қызыл Жарты Ай Қоғамы қолдады.

Жүздеген студент акцияны қолдау үшін кезекке тұрып, жүздеген адам екі күннің ішінде өтеусіз негізде қан тапсырды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы өмір үшін өтеусіз қан тапсырған барлық студенттерге өз алғысын білдіреді.