Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми -өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) лауазымдарға даярлауды қолдау және дамыту, жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарайтын жаттықтырушыларды ынталандыру және марапаттау, мамандардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау және орталықта үздіксіз білім беру бағдарламасын іске асыруда көмек көрсету мақсатында Орталықтың өндірістік бөлімшелер арасында «Үздік жаттықтырушы» конкурсы 2024 жылдың 27 мамыры мен 12 маусымы аралығында өткізілді.
Конкурстың жеңімпаз жаттықтырушылары келесі номинациялар бойынша марапатталды:
– Аягоз Адилхановна иммунологиялық және клинико-биохимиялық зерттеу бөлімінің аға зертханашысының өткізген сабағында аудио және бейне материалдарды тиімді пайдаланып, сабақты практика жүзінде көрсетіп, тыңдаушылармен жақсы қарым-қатынаста болды. Сабақта жұмыс барысында болған қателіктер мен болуы мүмкін деген қателіктерге ерекше мән беріп, қателіктердің қауіпі туралы тоқталды. Тыңдаушылардың білімдігі мен тәжірибесін бағалауда екі сатыдан тұратын бағалауды шебер қолдана білді.
Аягоз Адилхановна батыл, өз ісінің шебері, нағыз тәлімгер маман!
Сондықтан Аягоз Адилхановна, “№1 жаттықтырушы” Басқарма төрағасы Абдрахманова Сания Алишевнаның қолы қойылған марапаттау қағаз номинациясымен марапатталды және кәсіподақ ұйымынан тегін санаториялық-сауықтыруға сертификат табыс етілді.
Қан қызметінің Республикалық референс- лаборатория менеджері Жұлдызай Жарылғапқызының өткізген сабағы ерекше сабақтың бірі болды. Ол сабақта рационализаторлық әдіс қолдып, атап айтсақ сабақты Zoom платформасы арқылы 100 % тыңдаушыларды қамтып, тестілеу мен бағалауда электрондық жүйені тиімді қолданды.
Жұлдызай Жарылғапқызы “№2 жаттықтырушы” номинациясымен марапатталып, кәсіподақ ұйымының атынан 40 мың теңге ұсынлды.
Комиссия “№3 жаттықтырушы” номинациясын екі жаттықтырушыға беруді жөн деп шешті.
Ракима Жумангалиевна эпидемиологиялық бақылау бөлімінің эпидемиолог көмекшісі және Зоя Ыбрайқызы қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің мейіргерінің сабақтары жүйелі түрде өтіп тұрады. Бұл тренерлер сабақ құрылымы мен оқыту әдістерін жүйелі түрде жетілдіруде. Видео, фото материалдарын сабақта колданды. Сабақта қателер бойынша жұмыс және тыңдаушылармен кері байланыстар болды. Сабақты игеруді бағалау өз дәрежесінде көрсетілді.
Сонымен, “№3 жаттықтырушы” номинациясымен, тәлімгерлер – Ракима Жумангалиевна эпидемиология бақылау бөлімінің эпидемиолог көмекшісі және Зоя Ыбрайқызы қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің мейіргері Басқарма төрағасының марапаттау қағазы мен кәсіподақ ұйымының атынан 20 мың теңге сыйлығымен марапатталды.
«Белсенді жауап беруші және тыңдаушылар» номинациясы ерекше белсенділік пен тапқырлық, шапшаңдық көрсеткен иммунологиялық тіндерді типтеу зертханасының дәрігері, жаттықтырушы Дидара Амангельдиновнаның ұжымы осы номинацияға ие болды.
Жарысқа қатыскан жаттықтырушы мен ұжымға Басқарма төрағасының марапаттау қағазы мен кәсіподақ ұйымынан сыйлық ұсынылды.
Жарыс ережесінен тыс, маман ретінде және білімі мен шеберлігін тыңдаушыларға жеткізе білген Толқын Сансызбаевна бейне және фото материалдарымен қоса, ситуациялық жағдайлармен бағалауды шебер өткізгені үшін “Профессионал жаттықтырушы ” номинациясымен марапатталды.
«Үздік жаттықтырушы» сайысына қатысқан барлық жаттықтырушылар Басқарма төрағасының алғыс хаты мен жұбаныш сыйлықтарына ие болды.
Бұл жарыс бәрімізге сапалы еңбек нәтижесін беруге серпін беретіні сөзсіз.