Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Пресс-тур қатысушылары ТҒӨО келді

Бүгін 14 қазанда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен пресс-тур шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (ТҒӨО) жұмысымен және оның жетістіктерімен танысып қайтты.

Журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып, ТҒӨО директорының бірінші орынбасары Сания Абдрахманова және директордың орынбасары Шайжамал Мусабекова қан қызметі хирургия, гематология, анестезиология, реаниматология, клиникалық токсикология, трансплантология сияқты және басқа да мединцинаның клиникалық бағытының жемісті дамуын қамтамасыз етіп, осы жүйеде негізгі ұстанымға ие екендігін баяндап берді Орталақтың заманауи құралдары және өндірістік қызметте қолданылатын лабораториялық сараптаулар мен донорлық қанды қайта өңдеу технологиясының дәрежесі АҚШ пен Еуропа орталықтарында қолданылатын стандарттарына сәйкес келеді. Осы уақытқа дейін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен қан қызметін дамыту саласында үлкен жумыстар атқарылды. Қызметті оңтайландыру негізінде халықаралық стандарттарды тиімді енгізу және нормативтік құқықтық деректерді жетілдіру ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту сияқты, қызметтің негізгі көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді; трансфузиондық індеттің бар болуына донорлық қанды зертханалық скринингілеу жүйесін жетілдіру, бұл 2013 жылдан бастап заң шығарушылық негізде міндетті тәртіп бойынша екі әдіспен (ИФТ+ПТР) жүргізіледі. 2010 жылдан бастап орталық негізінде қанның зертханалық диагностикасында толығымен автоматтандырылған аналитикалық жабдықтың жабық типін пайдаланумен екі кезеңді скрининг қолданылады, бұл жүргізу донорлық қанды диагностикалау кезінде ақаулық мүмкіндігін толығымен шығарады. Зертханалық диагностиканың бұл әдісі ТМД аумағында мемлекеттік масштабта тек Қазақстанда қабылданған, бұл алдыңғы қатарлы технологияның бөлігін пайдаланудың қан қызметінің үдемелі дамығандығын куәландырады. Төменгі температура жағдайында қан жасушасын ұзақ мерзімге сақтау технологиясы пайдаланылады, бұл гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын трансплантациялауды пайдаланумен емдеу әдісін Қазақстанда енгізуге мүмкіндік тудырды. Жыл сайын қан дайындаудың ресурс үнемдеу технологиясын қолдану, сондай-ақ вирусинактивациялау, лейкофильтрациялау және басқа да сол сияқты, қан компоненттерін инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша әдістерінің көлемі ұлғайып келеді.

ГСК және адам мүшелерін ауыстыру кезінде донор мен репициенттің үйлесімділігін тексеруде қолданылатын жаңа зертханалық технологиялар мен әдістер бұқаралық ақпараттар қызмет өкілдерін ерекше қызықтырды. Сонымен қатар олар орталық негізінде ашылған HLA-зертханасына кіріп шықты. Бөлім басшысы Аида Турганбекованың айтуы бойынша: жүргізілген зерттеудің жетістігі маңызды оқиғаларда өзінің қолдауын тапты – 2013 жылы маусымда Халықаралық деректер қорында тіркелген қазақ популяциясының жаңа тұқымы ашылды. Сонымен қатар олар ТҒӨО –тың барлық зертханалырмен, заманауи қан қызметі дамуының басқа да салаларымен және трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен танысып шықты.