Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Өзге ұлт өкілдерінің арасындағы «Халықтарды біріктерген мемлекет» конкурсы.

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осыған орай, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы тәеуелсіз мемлекеттегі қазақ тілінің рөліне арналған «Халықтарды біріктерген мемлекет» тақырыбында (эссе) сырттай республикалық конкурс өткізеді.

Аталған іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және оны кеңінен пайдалануға үлес қосу шеңберіндегі тіл саясатының бір бөлшегі ретінде Қазақстанда мекен етуші барлық ұлыстардың ұлттық бірлігін нығайтуға бағытталған.

Конкурс кезеңдері

1-кезең – өтінімдер мен конкурс жұмыстары 2017 жылғы 30 қараша мен 13 желтоқсан аралығында қабылданады. Конкурс жұмыстары электронды түрде – eshmanova_bahyt@mail.ru электронды поштасына жіберіледі (Хат тақырыбында конкурс тақырыбын көрсету керек).

Ұйымдастырушы комитеті аталған жұмысты алғаннан кейінгі екі күннің ішінде конкурс қатысушысын жұмысты алғаны жөнінде немесе жұмысты конкурсқа қабылдамаудың себептері туралы хабардар етеді. Конкурсқа қоса беріліп отырған тақырыптардың біреуіне (1-қосымша) немесе эссе авторы конкурстың жалпы тақырыбы мен мақсатына сәйкес өзі таңдаған тақырыбындағы жұмыстар қабылданады.

Конкурс жұмысының мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптар осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.

2-кезең – қорытындылау (2017 жылғы 14-20 желтоқсан). Жеңімпаздадың тізімі өңірлік қан орталықтарының қатысуымен республиканың бес өңірінде (Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында) халыққа трансфузиялық көмек көрсету стандартын енгізудің тиімділігі мониторингі, сондай-ақ донор мен реципиенттердің қан үлгілерін референс зерттеудің  2017 жылғы қорытындысы бойынша өтетін кеңесте (2017 жылғы 21 желтоқсан) хабарланады, сондай-ақ конкурс қатысушыларына электрондық пошта бойынша жолданады (өтінімде көрсетілген адресаттарға).

Шығармашылық жұмыс (эссе) конкурсын бағалау өлшемдері осы Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.