Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2025 жылғы 24 қаңтарда Қан орталығында Назарбаев Университетінің студенттері – Қызыл Жарты Ай қоғамының мүшелерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттер Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасының жұмысы мен қан алу сессиясы үшін алғыстарын білдірді.
Жастар арасында ерікті донорлықты дамытудың перспективалары Орталық басшылығымен талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Назарбаев Университетінің студенттері донорлық акцияларға белсенді қатысумен қатар, қоғамда донорлық идеясын насихаттауда.
Болашаққа жоспарлар:
✔Донорлық тақырыпты танымал ету үшін дәрігерлермен подкасттар
ұйымдастыру.
✔Донорлықтың маңыздылығын әлеуметтік желілер арқылы бірлесе отырып,
насихаттау.
✔«Қан тобыңызды біліңіз» атты акцияларын өткізу.
✔Тұрақты негізде қан алудың көшпелі сессияларын жалғастыру және тағы
басқасы.
Осы кездесу жастар арасында ынтымақтастықты нығайтуға және донорлықты насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.