Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қазақстанның іскер әйелдері өтеусіз донорлар қатарын толықтырды

Осы жылдың 13 маусымында Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы мүшелері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан тапсырып өтеусіз донорлар қатарын толықтырды.

Жыл сайын, 2005 жылдың 14 маусымынан бастап өзіне таныс емес адам үшін өмірін сақтап қалуға өз қанын аямай тапсыратын еңбегі сіңген және ардақты адамдардың Халықаралық мерекесі аталып өтеді. Бұл күннің таңдалуы кездейсоқтық емес. Дәл осы күні, яғни 14 маусымда адам қанының тобын ашқан -австриялық дәрігер Карл Ландштейнер дүниеге келген.

Осындай тамаша мерекеге орайластырылған акцияда, Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы мүшелері қатысуға шешім қабылдаған. Адамзаттың нәзік жартысы – уәкілдерінің айтуы бойынша, іскер бизнес-ханымдар, заманауи медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, адам өмірін сақтап қалуда донор қанынсыз мүмкін болмай қалатын жағдайлар туралы хабардар екенін жеткізе отырып, қан тапсыруға шешім қабылдаған.
Донорлыққа кандидаттар сауалнама деректерін толтырып, әп сәтте тіркеуден және қанның экспресс-талдауынан өтті. Қан тапсыру процедурасының өзі де көп уақыт алған жоқ. Орталықтың жабдықталған заманауи құрал-жабдықтарының, жайлы жағдайымен, персоналдардың кәсібилігінің, қалыптасқан қызмет көрсету әдісін пайдаланудың арқасында, бар процесс іскер әйелдердің бас аяғы 25-30 минут уақытын алды.

Жаңалықтар