Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2016 жылдың 23 шілдесінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «СК-Фармация» ЖШС ұжымының қатысуымен «Мейірімділік тамшысы» акциясы өтті

Елімізде өтеусіз қан тапсыру санының өсуі әлеуметтік жағдайдың жақсаруы мен азаматтық қоғам ұстанымының күшейгендігін көрсетеді. Жыл сайын қан құрамы мен қан құюының арқасында миллиондаған адамдардың өмірін сақтап, өміріне қауіп төнген емделуші жандардың ғұмырын ұзартады.

Ерікті қан тапсыру акциясы іс-шарасының маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп, «СК-Фармация» ЖШС ұжымы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына қайырымдылық мақсатында келді. Онда компанияның 40 жуық қызметкерлері қан тапсырып, мұқтаж жандарға қажетті қанның жалпы банкіне өз үлестерін қосты.

«СК-Фармация» ЖШС-нің басқару төрағасы Нұржан Алибаев “Алматыдағы болған оқиға біздің ең басты құндылығымыз, ол – бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік екенін айқындап берді. Біздің ойымызша қан тапсыру өте маңызды, азаматтық белсенділік ретінде көптеген адамдардың өмірін құтқарады. «СК-Фармация» ЖШС-і әлеуметтік-жауапкершілік компаниясы болып табыландықтан осындай қайырымдылық жобаларға қатысу – біздің қызметіміздің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады” – деп атап өтті.

Жаңалықтар