Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2016 жылғы 9 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау барысында кезекті «25 игі іс» донорлық акциясын өткізді. Әкімшілік ғимаратында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі қан құю станциясы жұмыс істеді. Акция барысында әрбір донор қан құрамындағы қарсы көрсетімді анықтайтын міндетті медициналық тексеруден өтті. Қан донациясына 40 жуық әкімшілік қызметкерлері қатысып, 13 литрге жуық донор қаны тапсырылды.
Біз Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігін донор акциясын ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз және донорлар мен қызметкерлерге зор денсаулық, жұмыстарына табыс тілейміз!