Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Баспасөз – хабарламасы

Бүгін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Астана» оқу-клиникалық орталығымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілді.

Оқыту барысында барлық ниет білдірген адламдар жүрек-өкпе реанимациясы, қан кетуді тоқтату, тыныс алу жолдарының ауа өткізу қабілетін қалпына келтіру, автоматикалық дефибрилляторды пайдалану дағдыларын, сонымен қатар алғашқы көмек көрсетудің алгоритмін меңгерді.
Бүгінгі күн көзді ашып жұмғанша өтті де шықты. Донорлар үйренген дағдыларын манекендерде жаттықтырды, талқылауға белсенді түрде қатысты. «Астана» оқу-клиникалық орталығының жаттықтырушыларына өткізілген сабақтың жоғары сапасы үшін ризашылық пен алғыс білдірілді.

Сенім артқаныңыз үшін рақмет айтамыз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.
«Астана» РКО тыңдаушылардың жұмыс орнына барып, жаттығу өткізуді практикаға кеңінен енгізді, бұл оқыту процесіне оң әсер ететіні сөзсіз.

Жаңалықтар