Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қайырымды істер марафоны аясында қан тапсыру жөніндегі акцияға қатысты.
Мобильді қан алу пункті Көліктегі полиция департаментінің әкімшілік ғимаратының аумағында орналасқан. Іс-шара қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық талаптарды ескере отырып, өткізілді. Донациялау алдында тәртіп сақшылары сауалнамаларды толтырып, медициналық тексеруден өтті.
Ізгілік акциясына қатысқан қызметкерлер көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға ниеттенді. Олар әрдайым донор болуға дайын және де барлық азаматтарды донацияға қосылуға шақырады.
Акция барысында көлік полициясының 40 қызметкері донор болды.

#доноры #кровь #донорствокрови