Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Назарбаев университетінде Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірге елімізде өтеусіз донорлықты қолдауға бағытталған акция өтті.
Донорлыққа арналған іс-шаралар апталығының аясында елордалық қан орталығы Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесе отырып, университеттегі кампустардың бірінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция шамамен бес сағатқа созылды және осы уақытта 100-ге жуық адам қан тапсыруға ниет білдірді, алайда кейбіреулері медициналық көрсеткіштер бойынша донациядан уақытша шеттетілді, ал 66 адам донор болды. Бір донордың қаны үш науқастың өмірін сақтап қалатынын ескере отырып, акцияның нәтижесі жақсы болды.
Донор қайырымды іс жасағаннан моральдік тұрғыдан ғана емес, организмдегі жасушалардың жаңару процесінен де ләззат алады, себебі қан тапсыру жүрек-тамыр жүйесі ауруларының профилактикасы үшін пайдалы, сонымен қатар бүкіл ағзаның өзін-өзі жаңартуына ықпал етеді.
Акцияның барлық қатысушыларына Қызыл Жарты Ай қоғамынан естелік кәдесыйлар мен дәмді шай берілді.
Акцияның барлық қатысушыларына және Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілеріне донорлыққа қатысқаны, көмек көрсетуге қашан да дайын болғаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз, өйткені бұл елдегі ерікті донорлықты дамытуға баға жетпес үлес болып табылады.
@nu_red_crescent
@red_crescent_astana
@nuedukz
#мендонор #астанадонор #доноркүні #қазақстанқызылай #назарбаевуниверситеті