Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Мен өмірді құтқарамын

14 ақпан күні Назарбаев Университетінде «Мен өмірді құтқарамын» атты тоқсан сайынғы өтеусіз қан тапсыру акциясы өтті. Осы асыл бастама аясында университет қабырғасында қан тапсыру дәстүрге айналған және оған университет студенттері, оқытушылары, қызметкерлері қатысады. Бұл іс-шараға әдеттегідей 150-ден астам адам қан тапсыруға ниет білдірді, одан 47 литр қан дайындалды!
Қызыл Жарты Ай еріктілері донорлық мәселелер бойынша кеңес берді, сонымен қатар дәмді тағамдар дайындалды.
Назарбаев Университетінің Қызыл Жарты Ай қоғамдастығының вице-президенті Гүлжібек Елшекенова былй деді: «Бүгін Қан орталығымен бірлесіп университет қабырғасында қан тапсыру бойынша ауқымды іс-шара өтуде, оған университет профессорлары мен студенттері қатысты. Бұл акция тоқсанда бір рет өткізіледі және студенттердің кампустан шықпай-ақ қан тапсыруға мүмкіндігі бар. Бұл акцияға 100-ден астам адам қатысты. Біздің үлгіге сүйене отырып, біз Астана қаласының барлық тұрғындарын донорлық қозғалысқа қосылуға және қоғамға үлес қосуға шақырамыз».

Жаңалықтар