Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК жұмыс сапарымен келді.
Онымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек департаментінің директоры Азамат Қинаятұлы Дүйсенов пен бюджет департаменті директорының орынбасары Бақыт Қуанышбайқызы Кеншімбаева болды.
ТҒӨО-ның қалыптасу және даму тарихы, сондай-ақ соңғы 11 жылда қол жеткізілген нәтижелер туралы қарсы алушы тараптың өкілдері – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Мақамбетұлы Имашпаев және Басқарма төрағасының Медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайжамал Жақсылыққызы Мұсабекова айтып берді.
Вице-министрді «Донор жолымен» жүргізе отырып, гемоөнім өндірісінің негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін және қан донорларының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын технологиялар – донордың өтінішін тіркеуден бастап медициналық ұйымға дайын қан компонентін автоматтандырылған түрде деректерді беруге және өнімнің бақылануына мүмкіндік беретін; қан компоненттерін мульти компоненттік дайындауды жүзеге асыратын заманауи аппараттық технологиялар; пациенттер үшін иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздіктің қосымша қасиеттерін қамтамасыз ету үшін донорлық қан компоненттерін арнайы өңдеу технологиялар (лейкофильтрация, патогендерді инактивациялау) – Инфодонордың электрондық ақпараттық жүйесімен таныстырды.