Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2023 жылғы 27-28 сәуірде «Трансфузиялық терапияның өзекті
мәселелері» атты XI халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-
практикалық конференцияға қашықтықтан қосылу мүмкіндігімен өткізу
жоспарлануда.
Конференцияның мақсаты қан қызметін дамытудың өзекті
мәселелерін талқылау болып табылады.
Конференция Астана қаласында қашықтықтан қосылу мүмкіндігімен
офлайн режимінде өткізу жоспарлануда. Конференцияны офлайн режимде
өткізудің нақты орны қосымша хабарланатын болады.
Конференцияға қатысуды тіркеу үшін қатысушының өтінімін
толтырып, жауапты omo_astana.2011@mail.ru , omninpct16@mail.ru
электрондық пошталарына 2023 жылғы 25 наурызға дейінгі мерзімде жіберу
керек. Қатысу мәселелері бойынша Тел. 55-33-00, +77075122791