Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

КОНФЕРЕНЦИЯ 2025

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН ӨТЕТІН «ТРАНСФУЗИЯЛЫҚ ТЕРАПИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ,

2025 ЖЫЛҒЫ 17-18 СӘУІР

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 2025 жылғы 17-18 сәуірде өтетін «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық конференцияның ғылыми бағдарламасын қалыптастыруға қатысуға шақырады

Конференция жұмысына өндірістік және клиникалық трансфузиология саласындағы мамандар, Қазақстан мен ТМД мемлекеттік және үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, трансфузиялық медицина саласындағы шетелдік мамандар қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:

Қан қызметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Абдрахманова Сания Алишевна «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

Савчук Татьяна Николаевна – «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ұйымдастыру комитетінің мүшесі;

Уалиев Сабит Дарханович – «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» стратегиялық және инновациялық даму басқармасының жетекшісі, ұйымдастыру комитетінің мүшесі.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1-секция «Донорлық қан компоненттерін клиникалық қолдану»

2-секция «Өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері»

3-секция «Трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностика»

4-секция «Қан қызметінің жұмысын жетілдіру»

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ:

Қазақ, орыс, ағылшын

ҚАТЫСУ НЫСАНЫ:

Ауызша баяндама, тезис, тыңдаушы

ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:

аудиторық формат, online трансляция (ZOOM веб-платформасы)

СӨЗ СӨЙЛЕУДІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ:

15-20 минут

ӨТЕТІН ОРНЫ:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

Saad Hotel Astana, Достық 2 к-сі 2

НЕГІЗГІ КҮНДЕРІ:

Баяндамалармен қатысу бойынша өтінімдер мен ұсыныстарды қабылдау – 2025 жылғы 1 наурызға дейін;

Тезистерді қабылдау – 2025 жылғы 15 наурызға дейін;

Тыңдаушы ретінде қатысу үшін өтініштерді қабылдау – 2025 жылғы 1 сәуірге дейін.

ТІРКЕУ ЖАРНАСЫН ЕНГІЗУ:

Конференция жұмысына қатысу өтеусіз

ХАТШЫ:

Тезистер мен баяндамаларды қабылдау үшін жауапты тұлға:

Жангазиева Куралай Хайдаровна – «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің басшысы

Мобильдік телефонының нөмірі: +7-701-526-07-61

Email: omninpct16@mail.ru 

Конференцияға қатысуды тіркеу үшін жауапты тұлға:

Юн Лилия Витальевна – «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК статистикалық талдау, клиникалық аудит және қан қызметінің мониторингі бөлімінің басшысы

Мобильдік телефонының нөмірі: +7-702-414-13-34

Email: omo_astana.2011@mail.ru

«Конференция материалдары:»

1. Ақпараттық хат
2. Конференция бағдарламасы
3. Баяндаушылар тізімі XIII РҒӨК 2025
4. Қатысушылар тізімі XIII РҒӨК 2025 в

5. Тезистер жинағы 2025

Жаңалықтар