Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Бір тамшы қан – сақталған өмір!»

Бүгінгі 17 маусымда Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының партия мүшелерінің қатысуымен өткен акцияның ұраны осындай болды.

Акцияға қатысушылардың қатарында өнер қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев, спорт шебері Арман Чилманов және тағы да басқа танымал азаматтар болды.

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова – осындай акцияға жыл сайын қатысу бір үшін қайырымды үрдіске айналды. Бұл ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығымен 3 жыл ішінде жасалып келе жатқан ортақ жұмыстардың нәтижесінде 600-ден аса адам қан тапсырды. Қан донорлары санының артуы астана азаматтарының бауырмал және қайырымды екенін көрсетеді. Қуанарлығы, қан донорларының басым көпшілігі жастарды құрап отыр – деді.

ҚР халық әртісі, Парламент Мәжілісінің 4-5 депутаты Мұрат Ахмадиев бірдің сайтқа берген сұхбатында мұндай акциялардың қоғамға қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, ол біз қанды жиі және көп тапсыратын болсақ, денсаулық сақтау мен қан қызметі саласында қан тапшылығы туындамайды. Оның үстіне, өтеусіз қан тапсыру донорлардың өздері үшін де пайдалы. Сондықтан алдағы уақыттары қан тапсыруды жалғастыратын боламын. Біз осындай акцияларға қатысу арқылы қан және қан құрамына мұқтаж көптеген науқастардың денсаулығына өз үлесімізді қосамыз, – деді.

Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына және Дүниежүзілік қан доноры күніне орай «25 қайымды іс» аясында өткізген «Бір тамшы қан – сақталған өмір!» қайырымдылық акциясы 161 ерікті донорлардың қан тапсыруымен аяқталды.

Жаңалықтар