Білім беру бағдарламалар бөлімі

Есенгельдинова Жанар Айткенқызы бөлім меңгерушісі;

 

Құрметті денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, кадрлар бөлімінің басшылары, әріптестер!

Кадрларды дайындау сапасы республикада қан қызметінің жағдайына тікелей әсер етеді, сондықтан дәрігер – трансфузиологтарды оқыту барлық белгіленген стандарттарға сәйкес Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өтуі тиіс. Бұл, бірінші кезекте, тәжірибелі және жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ материалдық-техникалық база, ғылыми-әдістемелік кітапхананың болуы, заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталған қашықтықтан оқытудың бар болуы.

 Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы дипломнан кейінгі оқыту бойынша келесі білім беру қызметін ұсынады:

«Қайта даярлау және біліктілікті арттыру»

«Резидентура»

Оқыту нысаны:

  • Күндізгі, ТҒӨО базасында.
  • Көшпелі, өңірлік Қан орталығы базаларында
  • Қашықтықтан оқыту

Оқыту келесі мамандықтар бойынша өткізіледі:

  • Трансфузиология
  • Клиникалық-зертханалық диагностика
  • Зертханалық диагностика
  • Мейіргер ісі

Бөлім құрамы:

  • Есенгельдинова Жанар Айткенқызы бөлім меңгерушісі;
  • Тлеулина Нарғиза Жақсылыққызы – маман;
  • Сүтімбекова Назгүл Сеитбекқызы  –  маман.

 

Тел.: 57-04-33 (іш.177)

Факс: 54-33-00

E-mail: transfuziologiya.npct@mail.ru