Білім беру бағдарламалар бөлімі

 

2019 жылы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК білім беру ұйымын (үздіксіз кәсіптік білім беру) институттық стандарттар сәйкестігіне аккредиттеуден сәтті өтті.

 

 

 

Құрметті денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, кадр бөлімінің басшылары, әріптестер!

Кадрларды даярлау сапасы республикадағы қан қызметінің жағдайына тікелей әсер етеді, сондықтан дәрігер-трансфузиологтарды оқыту барлық белгіленген стандарттарға сәйкес келетін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында өту керек. Алдымен, бұл тәжірибелі және біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрамының, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның, оқу-әдістемелік кітапханасының, қашықтықтан оқыту тәсілінің бар болуы, заманауи ақпараттық технологияларға сәйкес келуі болып табылады.

 

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы дипломнан кейінгі оқыту бойынша мынадай қызметтерді ұсынады:

«Қайта даярлау және біліктілікті арттыру»

Оқыту нысаны:

  • Күндізгі, ТҒӨО базасында
  • Көшпелі, өңірлік қан орталықтарының базасында
  • Қашықтықтан оқыту

 

Оқыту мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі:

  • Трансфузиология
  • Клиникалық-зертханалық диагностика
  • Зертханалық диагностика
  • Мейіргер ісі

 

 

Тел.: 57-04-33 (ішкі 177)

Факс: 54-33-00

E-mail: transfuziologiya.npct@mail.ru