Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

HLA – зерттеулер

Трансфузиология өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы гемопоэздік дің жасушаларын қоса, ағзалар мен тіндерді транспланттауды зертханалық сүйемелдеу үшін HLA-зерттеулер бойынша қызметтердің толық спектрін жүргізеді.

Бүгінгі таңда HLA-зертхана мамандары әлемдегі барлық әдістемелерді тәжірибеге енгізді.

Сонымен қатар, қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілуде, атап айтқанда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, онкогематологиялық аурулар, жүрек патологиясы сияқты белгілі бір антигендер мен аурулардың өзара байланысын орнату.

Пациенттер мен донорлардың геномын зерттеу нәтижесінде зертхана бұрын әлемнің бірде-бір елінде анықталмаған бірегей ДНҚ құрылымы бар 4 жаңа генді анықтады. Гендер лейкоциттік антигендердің номенклатуралық комитетінде (ДДҰ HLA жүйесінің факторлар номенклатурасы жөніндегі комитеті) HLA-DQB1*03: 82 және HLA – А*32:95, HLA-C*06:256, HLA-B*13:150 деп аталған.

 

 

Зертхананың аккредиттеу туралы куәлігі бар

ТҒӨО тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының жұмыс тәжірибесі

Прейскурант

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдарға*
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға*
Ағзалық транспланттауды сүйемелдеу үшін жүргізілетін зерттеулер*
Гемопоэздік дің жасушаларын сүйемелдеу үшін жүргізілетін зерттеулер*

Талдауларды қабылдау: жұмыс күндері: 8: 30-11: 00 (демалыс күндері – сенбі және жексенбі)

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, индекс: 010000; Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10, тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы.

Анықтама телефондары: 57-04-29, ішкі нөмірі 168

Жаңалықтар