Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы 2011 жылдан бастап сүйек кемігін транспланттау үшін пациеттер мен олардың донорларының HLA-типтеуі бойынша зертханалық сүйемелдеу жүргізеді. Жіті меилодтық лейкозы бар пациенттерді типтеу кезінде HLA-DQB1 генінің жаңа аллельді түрі анықталды. Қан үлгілерін типтеу HLA-A*,B*, C*, DRB1*, DQB1* локустары бойынша секвенирлеу әдісі бойынша жүргізілді. Өнімінің ТПР алу кезеңіндегі типтеуде гаплотиптер бөлінді және соңында гетерозиготты сиквенс жүргізілді. Секвенирлеу HLA-A*,B* и C* локустары үшін 2,3 және 4 экзондары, DRB1* локуса үшін 2 экзон, DQB1 локуса үшін 2 және 3 экзондарға тура және кері бағытта жүргізілді. Типтеудің нәтижесі келесідей: HLA-A*03:01, *31:01, B*07:02, *35:01, C*03:03, *03:03, DRB1*01:01, *11:01, DQB1* 03, 05:01.
Жаңа аллель бұрыннан бар HLA-DQB1*03:01 аллельге ұқсас. Айырмашылығы 223 позициядағы 2 экзонда орналасқан. Бұл позицияда A (аденин) көрсетілген, бұл күнге дейін бұл позицияда G (гуанин) болған. Бұл өзгерестерді нүктелі мутациядан алып тастау үшін отбасылық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде анасының және ана жағындағы атасының қан үлгілерінде осындай өзгерістер байқалды. Бұрын лейкоцитарлық жүйенің антигендік құрамы бойынша қазақ популяция зерттелмеген болғандықтан, қазақ популяциясында осы жаңа аллельдік нұсқаны табу айтарлықтай маңызды деп есептейміз. Қазақ популяциясын жоғары айыратын типтеуде зерттеу қазақ популяциялар арасында туыс емес донорларды табу пайызын анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған жаңа аллельды нұсқа HWS 10018423 өтінішінің нөмірі бойынша the WHO Nomenclature Committee via the IMGT/HLA Database тіркеуге берілді және DQB1*03:82 деген ресми атауын алды