Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Донорлық қан құю кезінде жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Шығыс Қазақстан облысының қан орталығында 16 тамызда өткен оқыту семинарының негізгі тақырыбы болды

Семинардың тыңдаушылары ретінде донорлық қан құрамы мен компонентерін қабылдауда тұрақты көмек көрсетуге қатысы бар облыс орталағы, Семей қаласы және осы аймақтың дәрігер-трансфузиолог, хирург, реаниматолог, акушер-гинеколог мамандары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара емделушілерге көмек көрсетудің сапасын көтеруге бағытталған. Осы семинарға қатысқан Ресейдің трансфузиологтар Ассоциациясының президенті, ТМД елдерінің қан қызметін Үйлестіру кеңесінің төрағасы, профессор Евгений Жибурт Орталықтың қызметіне жоғары баға берді. Ол халықаралық трансфузиологтардың жаңалықтары және тәжірибесімен бөлісіп, осы өңірдегі қан қызметінің деңгейін жоғары бағалады.

* Шығыс Қазақстандағы донорларды 2 деңгейлі тексеру іс-тәжірибесі қан құю үшін сапалы материалдарды таңдауға мүмкіндік береді. Ал, Австралия зертханаларының көрсетіп жатқан қызметі Қазақстадікіне қарағанда әлдеқайда төмен деңгейде – деп Ресейдің бас трансфузинологы атап өтті.

Семинарға шақырылған дәріскерлердің бірі, медицина ғылымдарының кандидты, Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының дәргерлерді жетілдіру Институтының трансфузиологтар және қан құю мәселелері кафедрасының доценті Сергей Мадзаев донорлық қан құюдағы жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Семинар Шығыс Қазақстан облысы қан орталығының трансфузиология мәселесін үздіксіз оқыту бойынша осы жылғы жұмыс шоспарының шегінде өткізілді.

Жаңалықтар